Көкшетаудағы мектепке бомба қойылған: Жарылғыш затты оқушының жасағаны белгілі болды
Көкшетаудағы күні кеше ғана мектептердің бірінде табылған жарылғыш затты сол мектептің оқушысы жасағаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, қыздың мұндай қадамға баруына оның дәл сол мектепте оқығысы келмеуі себеп болған.
"Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағаны анықталды. Алдын ала белгілі болғандай, мұндай әрекетке оның осы оқу орнында оқуды қаламауы себеп болған", – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Оқиға қатысты тексеру жұмыстары жалғасады. Ювеналды полиция қызметкерлері қызды профилактикалық есепке алу мәселесін қарастырып жатыр.
Еске салайық, Көкшетаудағы 2 мектеп-лицейде 24 мамыр күні кешке күдікті құрылғы – сым тартылған қалбыр табылған болатын. Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы мен полиция өкілдері құрылғы залалсыздандырды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"