AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен: Алматы облысында такси жүргізушісі жолаушы қызды соққыға жыққан

Алматы облысында такси жүргізушісі қызды соққыға жықты деген күдікпен ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қыздан қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коллаж таксист

Жүргізушінің қызды ұрғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Автордың сөзінше, 26 жастағы әпкесі 22 мамыр күні түнде таксимен Алматыдан Өтеген батыр ауылына жетіп алмақ болған. Алайда жолда жүргізушінің жанындағы жолаушымен жанжалдасып қалған. Жолаушы зардап шеккен қызды қазақ тілін білмейді деп айыптаған. 

Жеткен соң қыз жүргізушіден 500 теңгеден қалғанын қайтарып беруді талап еткен. Алайда жүргізуші түсінбейтін түр танытып, қыздан қазақ тілінде сөйлеуді сұраған. Ақыр соңында жүргізуші қызды көліктен күшпен шығарып, ұрып тастаған. Жүргізушінің жанында отырған жолаушы да қыздың қолы сынғанша ұрып-соққан. Тек кездейсоқ куәгер полиция шақыратынын айтқан соң ғана тоқтаған дейді.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен қыздан арыз түскен. 

"Жолаушыға қол көтерген Іле ауданының 21 жастағы тұрғыны анықталды. Тиісті сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тергеу жүріп жатыр", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр