Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда домбырамен күй ойнаған мың оқушы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін - видео

Елордадағы зияткерлік мектепте өткен домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енуі мүмкін. Биылғы оқу жылы домбыра сабағымен аяқталып, оған 1032 оқушы қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

домбыра гиннес 2022

Елордадағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепте мың оқушы бірден музыкалық аспапта ойнады.

Оқушылардың өнері видеоға түсіріліп – онда мектеп оқушыларының бүкіл спорт залды толтырғанын көруге болады.

Рекорд "Ең ауқымды домбыра сабағы" атауымен тіркелді. Сабақты 25-тен астам байқаушы мен 2 куәгер қадағалады. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз байқаушы бақылап, бейнежазбаға түсірді. Мектеп ұжымы рекорд жасау үшін рекордтар кітабының барлық талаптарын сақтаған. Ал мұндай бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық аспапта бір мезетте күй орындауы әлемде тұңғыш оқиға ретінде тіркеліп отыр. Гиннесс рекордтар кітабының қорытындысы бір айдан соң белгілі болмақ.



Ең ауқымды домбыра сабағына қосымша білім беру пәнінің мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижер болды.

Әйгілі "Сарыарқа", "Балбырауын", "Еркем-ай", "Кеңхес", "Жастар биі" күйлерін мыңдаған шәкірттер орындады, деп мәлімдеді мектеп әкімшілігі.

"Гиннестер кітабына хат жаздық, олар өтінішімізді қабылдады. Сабақ ретінде өтесіз, жалпы ұлтттық аспаппен қатысқан 250 деді ең көбі, біз барлық мектеп оқушылары ойнайды дедік, бұл дәлелді дүниелердің барлығын жібереміз", – дейді "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Барлық зияткерлік мектептерде оқу жылы 25 мамыр күні домбыра сабағын өткізумен аяқталды.

Талқылау