AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соңғы қоңырау кезінде "Украинаға бостандық! Путин – сайтан!" деп айқайлаған түлек кешірім сұрады

Дағыстандағы мектептердің бірінде түлек соңғы қоңырауда Украинадағы соғысқа қарсылығын білдірген. Алайда көп уақыт өтпей мектеп оқушысымен бірге анасы да камера алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

дағыстан

Әлеуметтік желіде мектептегі соңғы қоңырауда түсірілген видео жарияланды. Мұнда мектеп түлегі "Украинаға бостандық! Путин – сайтан!" деп айқайлаған. Автордың айтуынша, видео Избербаш қаласындағы №11 орта мектепте түсірілген. 

Көп уақыт өтпей әлеуметтік желіде мектеп оқушысының кешірім сұраған видеосы тарады. 

"Мен өзіме назар аудартқым келді. Соңғы уақытта мен емтихан үшін қатты уайымдап жүрмін. Осы себепті анаммен де сөзге келіп қалдым. Өз кінәмді мойындаймын, барлығынан мерекенің шырқын бұзғаным үшін кешірім сұраймын", – деді мектеп оқушысы. 

Сонымен қатар оқушының анасы да қызының қылығы үшін кешірім сұрады. Видеода әйел қызының "ойланбастан жасаған қылығы үшін өкінетінін" айтты. 



Бұдан кейін әйел Владимир Путиннің ұстанған саясаты мен "Украинада өтіп жатқан арнайы операцияны" толық қолдайтынын мәлімдеді.

"Қызымды тәрбиелеу кезінде маңызды дүниені қалыс қалдырғаным үшін өкінемін", – дейді әйел. 

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мектеп оқушысына "Ресей әскерінің беделін түсіру" бойынша, анасына “Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау” бабымен хаттама толтырылды. 

"Кавказ. Реалии" басылымының мәліметінше, үкімет пен жергілікті билік қыз бен анасын кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Себебі Избирбаш мэріне Дағыстан басышысы Сергей Меликов қоңырау шалған. Алайда қала әкімшілігі бұл туралы пікір білдіруден бас тартқан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр