Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда пойыздардың бірінен аса қауіпті жұқпалы дертке шалдыққан адам анықталды

Көкшетауда аса қауіпті инфекциялық ауруға жататын күйдіргі табылды. Түркістаннан Бурабайға келе жатқан 26 жастағы азаматтың пойызда денсаулығы сыр берген. Тексеру кезінде науқастан күйдіргі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Науқас келіншегімен шипажайға демалуға келіпті. Көкшетауға таяп қалғанда аяқ астынан қызуы көтеріліп, денесі бөртіп кеткен. Жедел жәрдем дәрігерлері оның бойынан күйдіргінің белгілерін байқап, бірден инфекциялық ауруханаға жеткізіпті.

Қазір науқас коронавирус індетінен бірде-бір науқас қалмаған модуль орталықта жалғыз өзі емделіп жатыр. Келіншегі де бақылауға алынды. Азамат наурыз айында еттен кәуап жасаған екен. Кәуапты бірге жеген әпкесінен үш күн бұрын осы дерт табылыпты. Соған қарамастан жолға шыққан жігіт Көкшетауға бір вагон адаммен бірге келген.

“Санитарлық қызмет теміржолда қажет кешенді эпидемиология шараларын жүргізді. Науқас отырған вагонда 20 адам болған. Барлығының тізімі алынып, тұратын мекенжайындағы медициналық мекемелерге берілді. Қазір Сібір жарасын жұқтырған азаматтың жағдайы қалыпты, емделіп жатыр”, – дейді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.

Талқылау