Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алимент бойынша қарызын төлеу үшін қазақстандық ер адам бүйрегін сатпақ болған

Бүйрегін сатпақ болған 34 жастағы ер адам сотталдыФото: Gov.kz

Бүйрегін сатпақ болған Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы қаңтарда Ж. әлеуметтік желіде өз бүйрегін сатуға арналған хабарландыру жариялаған. Хабарландыруға жауап ретінде Көкшетау қаласының тұрғыны заңсыз мәмілені әшкерелеу мақсатында полицияға жәрдемдескен.

Ақпанда Ж. медициналық тексеруден өту және мәміле жасау үшін Көкшетауға келген, алайда жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алған кезде полиция қызметкерлерімен ұсталған.


Түркістан тұрғыны 13 миллион теңгеге бүйрегін сатпақ болған

5 миллион теңге сұраған: Қазақстанда бүйрегін сатпақ болған шетелдік әйел қамауға алынып, сот үкім шығарды


Іс Көкшетау қалалық сотында қаралды. Сотта Ж. мұндай әрекетке материалдық қиындықтар мен алимент бойынша берешегін төлеу үшін барғанын айтып, кінәсін мойындаған.

Бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 116-бабының 1-бөлігі бойынша бағаланды. Сот үкімімен Ж.-ға 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған қазақстандық ақша алып жатқан жерінде ұсталғаны хабарланды.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 12:46