"Көкбет, бәлеқор": Мөлдір Әуелбекова өзін балағаттаған оқырманын сотқа берді
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова өзін балағаттап, ар-намысына нұқсан келтірген оқырманына ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Өнер иесі жеке парақшасында су жаңа бейнебаянының үзіндісін жариялады.
“Көкбет, бәлеқор, долы осы біреу”, – деп жазды желі қолданушысы.
Әнші бейтаныс бейәдеп пікір жазған оқырманына жауап берді.
“Сіз кімсіз? Мен сізді танымаймын. Сотқа беретінім жайлы хабарлаймын. Осы сөздеріңіз үшін және жала жапқаныңыз үшін заң алдында жауапқа тартыласыз. Күтіңіз”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
Айта кетейік, жақында әнші 7 жастағы ұлының ұзақ армандап жүрген арманын орындағанын айтқан еді. Ол әуе шарымен теңіздің үстінен ұшып бара жатқан видеосын жеке парақшасына жүктеді.
“Баламның арманын орындадым! Жанымда бол! Салтай менің ер жүрегім! Әр баланың армандары орындалып, бақытты болсын", – деп жазды әнші.
Еске салайық, бұған дейін өнер иесінің денсаулығы сыр беріп, жекеменшік жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болғанын жазған едік.