Коби Брайанттың қазақтың тақиясы мен еліміздің көк туын ұстап тұрған суреті табылды
Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі әлемге танымал баскетболшы Коби Брайант тақия мен еліміздің көк тіын ұстап тұрған суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жас кезінің өзінде Коби бүкіл әлемдегі болашақ спортшыларды өзінің ойынымен тамсандырып, үлгі болған еді. Суретте Коби Брайант қазақстандық ойыншылар бірге. Бізге осы суретті табыстаған @timurnesbitt алғыс айтамыз", - делінген жазбаның астында.
Естеріңізге салсақ, Әлемге танымал баскетболшы тікұшақ апатынан 27 қаңтарда қаза болған еді. Онымен бірге болған азаматтар (тікұшақ пилотын қосқанда барлығы 9 адам) апаттан аман қалмапты. Сонымен қатар тікұшақта Коби Брайанттың 13 жастағы қызы да болыпты.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған