Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемге танымал баскетболшы тікұшақ апатынан қаза болды

Аты әлемге танымал баскетбол ойыншысы Коби Брайант Калифорния штатында тікұшақ апатының салдарынан опат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Коби Брайнт

Қайғылы оқиға жексенбі күні Лос-Анджелеске қарасты Калабасас қаласының маңында болған. Әйгілі баскетболшы отырған тікұшақ жанып кеткен көрінеді, салдарынан жерге барып құлаған. 

Тікұшақта болған 9 адам - бір пилот пен сегіз жолаушының барлығы көз жұмған. Коби Брайантпен бірге оның 13 жастағы қызы да болыпты. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс атқаруда. Апаттың себебі анықталып жатыр. 

41 жастағы спортшының өлімін Калабасас қаласының билігі растап отыр. 

"Тікұшақ Лас-Вирдженске жақын маңда сағат 10-дар шамасында құлаған. Біз Коби Брайанттың өліміне қатты қайғырып отырмыз", - делінген хабарламада. 

Лос-Анджелесте өтіп жатқан "Грэмми" салтанатты шарасы NBA-ның бес дүркін чемпионы атанған спортшы Коби Брайнтты еске алумен басталыпты. 


 

Талқылау