Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Клипсіз танылған Саят Медеуовтің жаңа бейнебаяны көпшілікті тәнті етті (видео)

Саят Медеуов – бейнебаянсыз-ақ танымалдыққа ие болып, көпшіліктің жүрегіне жол тапқан әнші. Ол тыңдармандарына әке туралы жаңа бейнебаянын ұсынып, жұрттың ықыласына бөленді. Ән сүйер қауым әншінің бейнебаянын көріп, өз әкесін есіне түсіргендерін жазып жатты, деп хабарлайды Stan.kz.

Саят Медеуов

Саят Медеуовтің жаңа бейнебаянында отбасындағы әкенің рөлі ерекше көрсетілген. Бейнебаянды көрген көпшілік өз әкесін естеріне түсіргендерін айтып, әншіге тамаша туынды үшін алғыс білдіріп жатты.

Сонымен қатар бейнебаянды актерлердің шынайы ойыны да көпшіліктің көңілінен шықты.

«Мағыналы бейнебаян. Жақсы шығыпты. Актерлер де жақсы ойнады», «Әкені сағындыратын, жүректі тебірентетін ән екен», «Көрген сайын көзімнен еріксіз жас шығады. Әкелеріміз аман болсын!» – деп жазды желі қолданушылары.

Бейнебаян 3 күн ішінде 11 мыңнан аса қаралым жинаған.

Оқи отырыңыз:

Бейтаныс әйелдің жағдайына алаңдаған Сәкен Майғазиев жұрттың жүрегін елжіретті

Аяғын басып кеткен ұлын тікелей эфирде балағаттап жіберген Қайрат Нұртас ұятқа қалды (видео)

Жұбайы Бейбітті туған күнімен құттықтап, өлең арнаған Тоқтар Серіков жұртты сүйсіндірді

Әйел адам  талтайып отыра ма: Ашық-шашық киіммен түскен суретін жариялаған Луина жұртты ашуландырып алды (фото)

Талқылау