Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел адам  талтайып отыра ма: Ашық-шашық киіммен түскен суретін жариялаған Луина жұртты ашуландырып алды (фото)

Әнші Луина желідегі парақшасында ашық-шашық киім киіп түскен суретін жиі жариялайды. Оның бұл әрекетіне көпшіліктің көңілі толмай, сын астына алып жатады. Алайда айтылып жатқан жағымсыз пікірлерге еті үйреніп кетсе керек, әнші бұл жолы да кеудесі ашық киім киіп түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Луина

Әнші кеудесі ашық әрі қысқа киім киіп түскен суретін жариялап, тағы да сын астында қалды. Желіде жариялаған суретінде Луинаның кеудесі көрініп қалған. Дәл осы жайт жұрттың жағымсыз пікірлерді қарша боратуына себеп болған.

«Терминатор режиім тетігі қосылды. Бүгін барлық жерде кездесеміз», – деп жазды әншінің өзі Instagram-парақшасында.

Луина

Ал желі қолданушылары қазақ қызына ашық-шашық киіну сай емес екенін айтып жатты. Сонымен қатар әншінің «талтайып отырғанын» да сынағандар болды. «Әйел адам талтайып отыра ма», «Бұтын ашып отырғаны несі?», «Мүлдем шешініп тастамаған ба одан да», «Бұл суреттен ешқандай сұлулық көріп тұрғаным жоқ», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Оқи отырыңыз:

Айдана Меденова Кореяда жүлдеге ие болды (фото, видео)

Димаш Құдайберген Канн кинофестивалі аясындағы қазақ кешінде ән шырқайтын болды

Әйелдерді бағалы тасқа теңеген Ләйлә Сұлтанқызы өз «зергерін» дұрыс таңдауға кеңес берді

Тиматиді аузына қаратқан қазақ әншісі ресейлік шоуда Шымкент туралы ән орындады (видео)

Талқылау