AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызымның аяғынан тепкен, терісі жыртылып кеткен": Алматы тұрғыны жекеменшік мектеп мұғалімнің қызына қол көтергенін мәлімдеді

Алматы тұрғыны жекеменшік "Престиж" мектебінде оқитын қызына мұғалімнің қол көтергенін мәлімдеді. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, кішкентай қызы білім ордасында өзіне ұрсып, ренжітетінін айтқан. Кейін әйел баласының денесінде көгерген іздер мен терісінің жыртылғанын байқап, полицияға арыз түсірген. Мектеп әкімшілігіне шағымданғанымен, мұғалімге қатысты ешқандай шара қолданбады дейді. Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі Stan.kz тілшісіне берген пікірінде әзірге тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын және тиісті сараптамалардың тағайындалғанын айтты.

қыз

Алматылық әйел баласының денесінен соққы іздерін көрген соң аудандық полиция бөліміне арыз түсірген. Көп ұзамай сараптама жасалған. Қала тұрғыны мектеп әкімшілігінің мұғалімге қатысты ешқандай шара қолданылмай отырғанына налыды. Тіпті өзін мектепке кіргізбеу туралы бұйрық берген дейді. 

"Қызым мұғалімнің аяғынан тепкенін айтты, ауырғаннан қатты айқайлаған. Мектеп әкімшілігіне бірнеше рет бардым. Тиісті қызмет көрсетілмегендіктен, қаржыны қайтаруды және мұғалімді жұмыстан шығаруды талап еттім. Алайда талабым орындалмады. Керісінше баламды ақыл-есі кем деп атады", –  деп жазды ол Instagram желісінде. 

Сөзінше, бұған дейін мессенджердегі ата-аналар чатында шу көтергісі келмеген. Алайда бұл жағдай туралы бөліскен соң, басқа балалар өздерін жастықпен тұншықтарғанын мәлімдеген. 

"Осы оқиға туралы бөліскен соң балалар өздерін жастықпен тұншықтырып, итергенін, тіл тигізгенін айта бастады. Оқушылар мұғалімнің менің қызыма қол көтергенін де растады. "Мен осында бастықпын, сендер ешкім емессіңдер" деп айтқан балаларға", – деп қосты ол. 

Аталған жағдайға қатысты пікір білдірген Алматы полиция департаментіндегілер қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстарының жүріп жатқанын айтты. 

"Бостандық ауданы полиция басқармасы 11 сәуірде Алматы тұрғыны арыз түсіргенін мәлімдеді. Қазір бұл дерек бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр. Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама нәтижесінен кейін процессуалды шешім қабылданып, болған оқиғаға құқықтық баға беріледі. Әрі қарай жазықты азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылданады", –  делінген полиция департаментінің хабарламасында. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр