Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық тұрғын марқұм анасының арманын орындады

Қызылорда қаласының тұрғыны Талғат Төкенов Меккеге марқұм анасының орамалын және суретін апарып, анасының орнына өзі қажылығын өтеп қайтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Талғаттың анасы 80 жастан асқан шағында қайтыс болған. Ол анасы Малика Төкенованы көзі тірісінде Меккеге апарып, мұсылмандардың бір парызы саналатын қажылыққа апаруды армандаған. Балалық борышын өтеп, сый құрмет көрсеткісі келгенімен, анасы 2017 жылы дүниеден озады. 

"Армандап жүрген кезімде, анамнан айырылып қалдым. Содан бергі арманым анамның атынан Умра қажылығына бару болды", - дейді Талғат Төкенов.

Өзегін өкініш өртегеніне қарамастан, осы жылы ғана Талғат арманына қол жеткізген. Ол биыл анасының көзі тірісінде пайдаланған заттарын және  суретін апарып, анасының атынан қажылық амалын өтеп келді. Меккеден келген соң Талғат өзімен бірге алып барған анасына тиесілі заттарды жинап үйінің бір бөлмесін мұражай қылып қойыпты. Ол бөлменің анасының естелік суреттерімен толтырған және күн сайын анасы үшін құран оқып тілек тілеуді әдетке айналдырған. Ал мешіт имамдары қайтыс болған адамның атынан қажылыққа баруға рұқсат етілгенін айтады.

"Қажылыққа бара алмайтын немесе дүниеден өткен кісінің артында қалған туыстары мен жақындары сол кісінің атынан бара алады. Бұл шариғатта рұқсат берілген амал", - дейді "Ақмешіт" орталық мешітінің имамы Рүстем Ешмаханов.

Ал Талғат Төкеновтың балалары болса, ата-анасын Меккенің топырағын өз аяғымен бастырамыз деп мақсат қойған. 

Талқылау