Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада супермаркеттен арба-арба жұмыртқа сатып алған ер адамның әрекеті жұрттың наразылығын тудырды

Қызылордада қала орталығындағы ірі супермаркеттердің бірінде ер адам арба-арба жұмыртқа сатып алған. Ал осы әрекетін видеоға түсіріп тұрған әйелге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Facebook қолданушыларының бірі супермаркеттен арба-арба жұмыртқа сатып алған ер адам және оны видеоға түсірмек болған әйелдің арасындағы оқиғаны жазған.

"Бір көтерме саудагер қайта сату үшін арба-арба жұмыртқа шығарды, екі-үшеу болды. Жұмыртқалары бар арбаларды видеоға түсіргенде, жігіт әйелге тап беріп, телефонын тартып алған. Жасы үлкен әйелді итеріп, қорлады", - деп жазды ол.

Кейін оқиға орнына полиция келді.

"Құқық қорғау органдары түсіруге болмайтынын айтты. Бірақ бұл қоғамдық орын және ескерту тақталары жоқ. Ең бастысы, жұмыртқа мен басқа да өнімдерді әркім оңай сатып алып, қайта сата алатыны ашуландырады. Жақында ғана әлеуметтік дүкендерде бағаны бақыладық. Жақында ғана тәуелсіз мониторинг тобы бағаның өсуіне қатысты сөз сөйледі - кейін бағаны бірден көтерді. Яғни 29 теңгеден 50 теңгеге дейін - бұл қалыпты жағдай ма?", - деп жазды желі қолданушысы.

Қызылордада және облыста жұмыртқалар неге қымбаттағаны әзірге белгісіз. Ресми жауап жоқ. 

Ал желі қолданушылары жұмыртқаны сатып алмауға кеңес берді.

Талқылау