Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
Қызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Желіде Қызылордада мұғалім әріптесін өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.
"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды", – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.
"31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр", – деп толықтырды ведомство.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіге таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды