Қызылордада мектеп аумағында жарылыс болды
Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы орта мектеп аумағында орналасқан қазандық жарылды. Жапа шеккендер жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін таңертең 8:15-те Қызылорда облыстық Төтенше жағдай департаментіне Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы №238 орта мектебінің аумағындағы (мектептен 50 метр қашықтықтықта) жылыту қазандығының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қазандық ғимаратының қабырғалары бұзылған. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ", – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Саид Молдакараев.
Мектеп жұмысы тоқтатылмады. Ауа температурасы +9 градус болған.
Қазандық ғимаратының үйінділерін мектептің 15 қызметкері мен 2 арнайы техника жинастырып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің екі қызметкері мен бір техника жіберілген.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек