Қызылордада ер адам әйелін ұрып өлтірді
Қызылордада мас ер адам әйелін белгісіз себеппен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

3 тамыз күні түнгі уақытта 27 жастағы азаматшаны заңды некедегі жолдасы мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Салдарынан алған ауыр дене жарақатынан азаматша қайтыс болды.
Оқиға орнынан бой тасалап кеткен 29 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынын ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген