Қызылордада екі қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Қызылордада саябаққа кеткен екі жасөспірім қыз табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1 маусым күні 14 және 16 жастағы Раушан Меңлібай мен Нарғыз Жұбандық саябаққа серуендеуге кетіп, қайтып оралмады.
"Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз", – деп жазылған полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар