Қызылордада ән салған Ерке Есмаханды халық таптап кете жаздады
Құрылысшылар күніне орай Қызылордада ән салған Ерке Есмахан қалың көпшіліктің ортасында қысылып, тапталып қала жаздады. Қаумалаған халық әншіні қоршап алып, ән айтуға кедергі келтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаумалаған халықтың ортасында қалған ол әнінің сөзін ұмытып, құлап қала жаздады.
"Мәссаған, мен жаңа әнімнің сөзін ұмытып қалдым ғой. Өзімді естімедім. Сіздер маған кедергі жасап жатсыздар. Өтініш, ән айтайыншы. Мені келесі жолы концертке емес, суретке түсу үшін шақырасыздар-ау деймін. Халық мені сүйреп, тартып, қысып жақсы көреді ғой", – деді Ерке Есмахан.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”