Қызылордада 23 жастағы жігіт үш айдан бері табылмай жатыр
Қызылорда қаласында үш ай бұрын жоғалып кеткен 23 жастағы жігіт әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы мәліметінше, жігіт маусым айында үйінен шығып, сол күйі қайтып оралмаған.
"Жоғалған 1999 жылғы Төребеков Асқар Берікұлының бойының ұзындығы 182 см, арықша келген. Шашы қысқа. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз", - делінген полиция таратқан мәліметте.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған