Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов қайырымдылық телемарафонына қатысты 


Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов "Мейірімділік шапағаты" облыстық қайырымдылық телемарафонына қатысты. Аталмыш шара  – халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық жасауға арналған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірде мұқтаж адамдарға қолдау көрсету шараларын күшейту мақсатында жыл басында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау шараларын ұсыну үшін 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік Әлеуметтік жол картасы қабылданған.

Жол картасында табысты арттыру және халықтың аз қамтылған топтарын қолдау, табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту, сондай-ақ, өңірлерді кешенді дамыту бағытындағы ауқымды  іс-шараларды жүзеге асыру шаралары көзделген. Ол үшін бюджеттен 42 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері ұлғайтылып, барлығы 31 мыңнан астам отбасына 20 млрд. теңгеге жуық көмек көрсетілген.

Айта кету керек, осындай қайырымдылық шаралары жыл көлемінде ұйымдасытырылып келеді.Сонын ішінде  осы желтоқсан айында атаулы мерекелерге орай әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қажетті көмек көрсетілді. Телемарафонда сөз алған  облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Алматы қаласынын маңында ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, "Мейірімділік шапағаты" атты қайрымдылық  шарасының маңыздылығына тоқталып өтті.

"Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Риясыз жасалған жақсылық - биік адамгершіліктің белгісі. Бүгінгі шара аясында  жомарт жүрек азаматтардың тікелей қолдауымен қала бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған, асыраушысынан айрылған, қарттар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы, мүгедек, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.

Осы шара барысында облыстың мемлекеттік қызметкерлері мен жекелеген азаматтар өздерінің бір күндік жалақысын аударып, 4 млн теңгеден аса қаржылай көмек берді. 2013 жылдан бері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, әсіресе, ауылдық жерден шыққан талапты балаларды оқытуға облыс әкімінің арнайы грантын тағайындап келеміз, бүгінгі күні мыңнан аса мектеп түлегі грант иегері атанды. Апатты жағдайдағы үйлер мен жатақханаларда тұрып келген отбасыларды жаңадан салған үйлерге қоныстандыру үрдісімізге айналды. Қызылорда облысы әлеуметтік салаға қаржы бөлуден аймақтар арасында көш бастап тұр",- деді әкім. 

Сондай-ақ, қайрымдылық шараға аймақ басшысымен бірге облыс әкімінің орынбасарлары,қала әкімі, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерінің басшылары да атсалысты.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан

Тоқаев Қытайда таралып жатқан коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Уханьда шыққан белгісіз пневмония туралы 31 желтоқсанда белгілі болды

"Ешкім ешкімге мұқтаж емес": Нұржан Керменбаев Қайрат Нұртаспен жазылмай қалған дуэт туралы

Әнші: Біреу маған дуэт жазайық десе жоқ демеймін

"16 минут бойы жанды": Үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін өртеп жіберді

Тұрғынның денесінің шамамен елу пайызы күйіп қалған
Çàãðóçêà...