Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызылорда облысы прокурорының әйелі" мен күзетші арасындағы жанжал: Прокуратура түсіндірді

Желіде күзетшіге дөрекілік көрсеткен "прокурордың әйелінің" видеосы тарады. Қызылорда облысының прокуратурасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында түсірілді деген видео таралып жатыр, онда әйел күзетшіге дауыс көтеріп, күйеуі "облыс прокуроры" екенін айтып, оны қорқытқан. Оған қоса, келіншек ер адамның көрсеткен әдепсіздігіне жауап бергенін айтады.

Диалогқа қарағанда, жанжал дұрыс қойылмаған көліктің кесірінен тұтанған.

Қызылорда облысының прокуратурасы әлеуметтік желідегі видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге дөрекілік танытып, күйеуінің мансабын алға тартты деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Облыс прокурорының әйелі Бижанова Татьяна Анатольевна. видеодағы мүлдем басқа адам", - делінген хабарламада.

Прокуратура сонымен қатар жала жабатын ақпаратты тарату заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Талқылау