Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз жасауынан кем түспеді": Фариза Төреәлі тұңғыш сәбиіне төркіні әкелген дүниелерді көрсетті

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі қызына азан шақырып ат қойып, қырқынан шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер жеке парақшасына видео жүктеп, жүкті кезіндегі сәттерін бөлісті. 

Нағашылары сондай керемет дайындалыпты, қыз жасауынан кем түспеді Алла разы болсын! Енді бұл кісілер сені емес немерелерін ойлап тұрадығой, иә?
Қызымыздың алғашқы мерекесі болған соң жақсылықты молынан жасауға тырыстық. Ата-әжелері екі жақтан бір-бірлеріне сыйларын дайындаса, біз де қалыспадық. Олар немерелерін, ал біз олардың жағдайын ойлап жүрміз. 
Әрдайым ата-аналарымызды қуантуды бірінші орынға қоямыз. Қолымыздан келгенше қуантамыз, осы қуанышты күнде ата-енеме жақсылап демалып келсін деп Дубайға жолдама сыйладық.
Қашан да қасымыздан табылатын, көңілі кең, ауызын ашса жүрегі көрінетін Тоғжан құрбыма және оның ата-анасына бірге барсын деп Умраға жолдама сый еттік. Анама, жеңгеме, сіңіліме және маған керемет бұйымдар тақты мамам”, – қуанышын жасырмады блогер. 

Желі қолданушылары жаңа туған сәбиге бақытты балалық шақ тілеп жатыр. 

Еске салайық, Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза баланы асырап алды деген қауесетке нүкте қойғанын жазған болатынбыз. 

 

Талқылау