AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қиямет күні ыстық жерге түсесіздер": Нұртас Адамбай құмар ойын иелеріне ескерту жасады

Нұртас Адамбай халықты букмекерлік кеңселер мен онлайн казиноға қарсы ұйымдастырылған петицияға қол қоюға шақырды. "Құмар ойын талай адамды зар жылатып, тура жолдан тайдырды" деп ашынған кинопродюсер өзі де бір кездері букмекердің жарнамасына түскенін, бұл ісіне өкінетінін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осыдан үш жыл бұрын мен бір букмекерлік кеңсенің жарнамалық ролигіне түстім. Ол кезде мұндай ұйымдардың қоғам мен тұрғындарға қандай зиян тигізетінін мүлде түсінбедім. Кейін осындай бәлекетке жолыққан адамдардан бірнеше хат алдым. Адамдар оңай олжа үшін онда бар жиған-терген ақшаларын алып барды, туған-туыстарын тонап, пәтер мен көліктерін қойды. Бұл шығар жолы қиын нағыз қақпан", – деп жазды Адамбай желідегі парақшасында. 

Актер ғаламтор желісінде осындай кеңселердің жарнамасы кеңінен тарағанын, ол аздай, қалаларда ақшаны тігіске қабылдайтын автоматтардың толып тұрғанын ашына айтты. Осы орайда Адамбай мұндай ұйымдарға заң жүзінде тыйым салу керектігін алға тартты. 

"Адамдарды адастырып, қайғы мен мұңға құрылған осындай бизнес иелеріне кеңселеріңізді жауып, Жаратқанның алдында тәубеге келіп, адамдардан кешірім сұрауға кеңес берер едім. Жасап жатқан істеріңіз туралы ойланыңыздар. Ертең кеш болады. Естеріңізді жимасаңыздар, қиямет күні сіздерді "өте ыстық жаққа" жібереді", –  деп ескертті киномен. 



Осы орайда Адамбай бір кездері букмекер кеңсесін жарнамалағаны үшін өкінетінін жеткізді.

"Сол роликті көріп, оңай олжаға қызығып ұрынып қалған адамдардан кешірім сұраймын. Бұл қателігім үшін Аллах мені кешірсін. 
Президентіміз петицияға назар аударып, мұндай зұлымдықтан құтылуға көмектеседі деп үміттенемін. Петицияға otinish.kz сайтында қол қоюға болады", – деді Адамбай.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр