AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотерея және мұсылман елдері: Қай мемлекеттерде ойынның бұл түріне шектеу қойылған

Мұсылман елдерінің көбінде лотерея сынды ойындарға қатаң тыйым салынған. Тіпті кейбір елдерде лотерея ойнайтын тұрғындар алты айға дейін қамалуы мүмкін. Десе де басым бөлігі Ислам дінін ұстанушылар болса да лотерея ойнауға еш шектеу қоймайтын мемлекеттері бар көрінеді. Бүгінгі материалымызда мұсылман елдердегі лотерея ойыны жайлы айтып бермекпіз. 

Ислам шариғаттарына бағынатын кейбір елдерде лотерея құмар ойындардың санатына жатқызылады. Сондықтан бұл мемлекеттерде лотерея ойнауға тыйым салынған. Дегенмен Египет және Біріккен Араб Әмірліктерінде лотерея ойынына шектеу қойылмайды: мұндағы лотерея ұйымдастырушылар міндетті түрде лицензия алып, тіркеуден өтуі қажет. 

Египетте казинолардың жұмысына рұқсат берілмеген, алайда лотерея мен спортқа бәс тігуге болады. Бұл елдегі казиноларға тек шетел азаматтарының кіруіне рұқсат. Ал лотерея жұмысын мемлекет тарапынан құрылған Лотерея коалициясы реттейді. 

Алжирде спорттық ұйымдармен бірге жұмыс істейтін бірнеше лотерея жұмысына рұқсат етілген. Дегенмен елде казино мен букмекерлердің жұмысына қатаң шектеу қойылады. 

Сауд Арабиясында лотереяға мүлде тыйым салынған. Лотерея тек бір жағдайда, Мекке мен Мединеге бару үшін берілетін визаға ғана ойнатылады. Ел тұрғындары шетел аумағында лотерея ойнап, ұтса да, отандастары мұндай жеңісті мүлде қолдамауы мүмкін. Мысалы, БАӘ-ге барып, лотереяға қатысқан Сауд Арабиясының тұрғыны қомақты қаржы ұтып алған. Мұхаммед әл-Хаджери билетті ғаламторда сатып алған көрінеді. Дегенмен жерлестері Мұхаммедті әлеуметтік желіде сынап, мұның дұрыс емес екенін жарыса жазған. 

Ал Ирак және Иранда лотерея сайттары толығымен бұғатталған. Иран үкіметі құмар ойындарға арналған заңсыз сайт иелері мен ойын ойнағандарды өлім жазасына кесу жайлы жобаны да қарастырған. 

Ауғанстанда лотереяға мүлдем тыйым салынған. Дегенмен 2002 жылы үкімет халық арасында лотерея өткізіп, нәтижесін Кабулдегі орталық стадионда жарияламақ болған. Жүлделер қатарында автокөлік, мотоцикл мен жапондық теледидар, велосипед болған. Алайда белгіленген уақытта ұтыс нәтижесі жарияланбаған. 

Ал Түркияда лотерея ойындарына толығымен рұқсат етілген. Лотерея қатысушылары билетті арнайы дүкендерден және онлайн сатып ала алады. Елде 1996 жылдан бері Sayisal Lotto лотереясы жұмыс істеп келеді. Ұтыс ойындары аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері өтеді. Ал кепілдендірілген джекпот көлемі 1,2 миллион түрік лирасына тең.  Түркиядағы келесі лотерея түрі "Супер Лото" деп аталады. Ел ішінде танымал болғандықтан, мұндағы джекпоттың ұтыс ойынына 25 миллионнан астам адам қатысады. Лотерея жұмысын Түркиядағы ойын және ұлттық лотерея компаниясы реттейді. 

Әзірбайжанда лотерея ойындарына рұқсат берілген және арнайы заң негізінде реттеліп отырады. Әрі лотерея жайлы толық ақпарат ресми сайтында міндетті түрде көрсетілуі керек. Әзірбайжан үкіметі карантин уақытында лотерея өткізуге тыйым салғанымен, тұрғындар онлайн ұтыс ойындарына еркін қатыса алды. Ал бірыңғай лотерея операторы "Азерлотерея" АҚ деп аталады. 

Тағы бір мұсылман мемлекеті Малайзияда тұрғындар лотерея ұтыс ойындарына еркін қатыса алады. Ойындарды реттейтін Loca Lotto операторының сайтында елдегі лотерея жайлы толық ақпарат ұсынылған. Тұрғындар тек билет сатып алып қана қоймай, джекпот ұту мүмкіндігін есептейтін арнайы құралдарды пайдаланып, лотерея әлеміндегі соңғы жаңалықтарды оқи алады. Бұдан бөлек шетелдік азаматтарға да сайт арқылы онлайн билет сатып алуына мүмкіндік берілген.

Таяу Шығыста орналасқан Біріккен Араб Әмірліктерінде лотереяны ел аумағында еркін ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Лотерея тұрғындар арасында кеңінен таралмауы үшін билеттерді арнайы орындарда ғана сатады. Мысалы, мұндай дүкендердің бірі Абу-Даби халықаралық әуежайында орналасқан. Жергілікті тұрғындар да ұтыс ойынына қатыса алғанымен, негізгі басымдық шетелдіктерге беріледі. Сонымен қатар ұтысқа қомақты қаржы, қымбат көліктер мен мотоциклдер тігіледі. 

БАӘ-де лотерея ұйымдастыратын компанияларға қатаң талаптар мен шектеулер қойылады. Оларға құзырлы орган рұқсатынан соң лотереялық лицензиясы беріледі. Заңды рұқсаты бар лотерея ойнауға арналған орындар ел аумағында өте аз. 
Елде рұқсат етілген лотереяларда қомақты сомма ойнатылады. Мысалы, мұндағы ең ірі джекпот 77 777 777 дирхамға тең болған. "7" арабтар үшін қасиетті сан болғандықтан, апта сайынғы ұтыс ойынының жеңімпаздарына 77 777 дирхам берілді. 

БАӘ-де лотерея қатысушыларының басым бөлігі – шетелдік азаматтар. Сондықтан ұтысты да шетел азаматтары жеңіп алатын жағдай жиі болады. Мәселен, 2021 жылы қазақстандық Ришат Төлегенов есімді азамат "Millennium Millionaire Series" лотереясының жеңімпазы атанған. Отандасымыз 1 миллион доллар жеңіп алған. Сонымен қатар ол "Мыңжылдық миллионері" сериясын ұтып алған үшінші қазақстандық болған. 

Айта кетсек, Қазақстан аумағында лотереяны бірегей оператор "Сәтті Жұлдыз"  акционерлік қоғамы ғана ұйымдастыра алады. Бүгінде "Сәтті Жұлдыз" лотереяның 32 түрін ойнатады, олардың 24-і жедел, ал 8-і тираждық лотерея.  Бүгінде лотерея операторының келісімшарты бойынша республика аумағында үш мыңнан астам мекеме жұмыс істейді.

Лотерея операторы ойыннан түскен қаражаттың 15%-ы отандық спорттың дамуына бағыттайды. Осы уақытқа дейін “Сәтті Жұлдыз” қазақстандық спорттың дамуына салықтан тыс 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген. 

Ел тарихында ең ірі джекпотты атыраулық тұрғын “Сәтті Жұлдыз” ұйымдастырған "LOTO 6/49" лотереясынан жеңіп алды. 2020 жылы ойнатылған лотереядан 66 жастағы ер азамат 109 745 300 теңгелік ұтысқа ие болған. Зейнеткер бұл ақшаны немерелеріне таратып беретінін айтқан. 

Ал Алматы облысының тұрғыны лотерея ұтысының арқасында әйелінің өмірін аман алып қалған. Қайрат есімді ер азамат өткен жылы қыркүйекте “5/36” лотереясын сатып алып, бақ сынап көрмек болады. Әйелі мен балаларының туған күнін ұтыс сандары ретінде таңдаған оның жолы болып, 4 383 415 теңге жеңіп алады. Жеңімпаздың айтуынша, дәл осы уақытта оның әйеліне қомақты қаражатқа ота жасату керек болған. 

Ең қызығы, елімізде бір джекпотты үш адам бөліп алған кез де болды. Мәселен, 29 қаңтарда өткен “LOTO 6/49” лотереясында бірден үш адам – Семей, Талдықорған және елорда тұрғындары жеңіске жеткен. Олар өзара 74 770 300 теңгелік ұтысты теңдей етіп бөліп алды. 

Айта кетсек, сіз де лотереядан джекпот ұту мүмкіндігіне ие бола аласыз. Ол үшін әрбір сәрсенбі мен сенбі ойнатылатын "LOTO 6/49" лотереясының билетін сатып алу керек. Супер жүлде 20 000 000 теңгені құрайды. Бұған қоса аталмыш лотереяның алты билетін сатып алғандардың арасында әр екі ай сайын Toyota Camry 75 автокөлігі ойнатылады. Келесі су жаңа автокөлік 16 сәуірде ұтысқа тігіледі. 

Сіздің де үлкен ұтыс алу мүмкіндігіңіз бар! "Сәтті Жұлдыз" лотереялары бойынша толық ақпаратты мына сайттан оқи аласыздар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр