Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан тауар алдырып кәсіп қыламын деген қазақстандықтар алданып қалды

Қытайдан тауар алдырып, кәсіп ашам деген көпшіліктің көңілі су сепкендей басылды. Логистикалық компанияға соңғы тиынын санап беріп, арнайы курстан өтіп, кәсіпкер болам дегендердің арманын көзі қысық көршілер көп көрді. Алыпсатарлықпен алға шығам деп үміттенген отандастарымыз қазір салған ақшамды қалай қайтарам деп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп хабарлайды.

китай

 "Қыран" логистикалық компаниясының алдымен онлайн курсына 20 мың теңге беріп қатысып, кейін алғашқы тапсырыстарын берген жұрттың қарасы көп. Алайда, ұзаса 30 тәуліктің ішінде келеді деген заттар алғашқыларының қолына үш айдан кейін бірақ берілсе керек. Қалтадан шыққан қаражат құр кетпеді дегендері енді сапасы мен таңдаған тауарына наразы.

Еліміз бойынша бір курста шамамен 150-ден астам адам оқыпты. Барлығы жақсы істің жемісін көруге ынтызар болғандар. Алайда, әлі де болса тауарына қол жеткізе алмай жатқандары бар екен. Жағымсыз пікірлерді желілерінен көрсетпес үшін, парақшаларын да бұғаттап тастаған, дейді.

"Біреулердің алған дұрыс тауарларын видеоға салып қояды да міне тауар келіп жатыр дейді. Біз тағы да сенеміз. Сонымен міне, август болды. Бірақ, бізден кейінгі адамдарды интернет арқылы оқуға шақырып жатыр. Біз оны көріп жатырмыз. Сайттарын да көрдік, таптық. Соған біз жазып жатсақ, комментарий жазбайтындай етіп инстаграм парақшаларын аккаундтарын жауып тастаған", - дейді Зулфия есімді қала тұрғыны.

"Кей кісілер айтады, сапасы нашар ұнамайды деген сияқты. Ал, енді міне мынау орамал. Мұны клиент өзі таңдап берді. Біз таңдап айтқанымыз жоқ сен мынаны ал, сапасы жақсы келеді деп. Өйткені, зауыттан келгеннен кейін қолыма ұстап тұрғаным бірінші рет. Сабақ өтілген кезде айтылды 30 күн, 25 күннен ары 30 күн деп. Ал, карантинді біз жасаған жоқпыз ғой қазір", - дейді "Қыран" логистикалық компаниясының қоймасына жауапты қызметкер Жігер Заңғар. 

Егер тауар 30- 45 күннің ішінде келмесе, тұтынушының ақшасын қайтарып алуына болады екен. Бірақ, мұның барлығы зауыттардың берген жауабынан кейін ғана. Енді жұрттың ақшасын қайтару үшін зауыттарға шығып жатырмыз дейді. Ал, тұтынушылардың құқығын қорғаушылар тек, сенімді сайттарға ғана тапсырыс беруге шақыруда.

"Біздің сайт болса бермесе, ақшасын қайтарып бермесе алаяқтық әрекет қой ол. Онда полицияға жазуларына болады. Дұрыс сайттар болса тексерілген сайттар болса онда олар әрине өздерінің талаптарын жазса олар ауыстырып та береді, ақшасын да қайтарып береді. Ал қазір алаяқ сайттар өте көп болып кетті ғой", - дейді "Адал" тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Артық Сейітқалиева.

 

Талқылау