Қытайдан Қазақстанға келетін туристердің саны 17 есе өскен
Екіжақты визасыз режим қосылып, тікелей рейстер ашылған соң Қытайдан Қазақстанға келетін туристер саны 17 есе өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдан бөлек Қазақстанға Түркия, Үндістан мен АҚШ азаматтары келеді екен. Сонымен қатар Өзбекстан, Ресей мен Қырғызстан, Тәжікстаннан келетін туристердің де саны үнемі өсіп келеді.
Туризм министрлігінің өкілдері биыл да шетелдік туристердің саны артады деп үміттеніп отыр. Бұл үшін қосымша 500 миллион теңгеден аса қаржы бөліп, туристік алымды алып тастаған.
"Қазақстан туристер үшін өзінің ландшафтымен, мәдени мұрасы және мәдени байлағымен қызық. Шетелдіктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан мен Атырау облыстарына барады. Экотуризм де қарқынды дамып келеді. Туристер де ұлттық саябақтарды аралап, турларға қатысқысы келеді", – деді "Kazakh Tourism" АҚ төрағасы Әлішер Тұрсын.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды