Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы хайуанаттар бағы аюларының костюм киген адамдар емес, шынайы екенін дәлелдеуге мәжбүр

Қытай зообағы видеодағы аюдың костюм киген адам емес, тірі аю екенін түсіндіруге мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

фото: www.bbc.com

Ханчжоу қаласындағы зообақта аюдың тік тұрған адамға ұқсайтын видеосы  тараған. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі оны адам деп ойлаған. Оған жауап ретінде Ханчжоу зообағы өкілдері адамдар аюдың бұл түрін көп біле бермейтінін мәлімдеді.

Бейнежазбада аю вольердің шетінде тұрып, адамдарды бақылап тұр. 

Әлеуметтік желі қолданушылары аю табанының ұшымен тіп-тіке тұрғанына таңғалысты.Сондай-ақ оның жүні табиғи терісіне қарағанда аю костюміне  көбірек ұқсағандай көрінеді деп пікір қалдырған. 

Зообақ қызметкерлері  көпшіліктің талқысына қалған аюдың атынан мынадай мәлімдеме жасады:

"Кейбір адамдар мені адам сияқты деп ойлайды... Бірақ, сіздер мені жақсы білмейтін секілдісіздер. Аюлар туралы сөз қозғалса, үлкен әрі мықты фигура елестейді... Бірақ, барлық аю ондай алып, қауіпті емес", - делінген мәлімдемеде.

 Хайуанаттар бағының өкілдері  жануардың бұл түрі малай аюлары немесе  оларды "күн аюлары" деп те атайды деп атап өтті. Сондай-ақ  аюлардың ең кішкентай түріне жататын бируангтар екенін еске салды. Олар әдетте үлкен итпен шамалас, денесінің ұзындығы бір жарым метрге дейін жетеді.

Бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның тропикалық ормандарында кездесетін және  жойылып бара жатқан түрі.

Талқылау