Қытайда туу көрсеткішін жақсарту үшін үш жасқа дейінгі баласы барларға 500 доллар төленеді
Фото: pixabay.com
Қытайда үш жасқа дейінгі балаларға жылына 500 доллар (250 мың теңгеден аса) төлеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара туу көрсеткішін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, Қытайда туу көрсеткішін көтеру мақсатында жаңа мемлекеттік бала күтімі бойынша субсидия жүйесі енгізіледі.
Ұлттық бағдарлама аясында ҚХР билігі үш жасқа толмаған әр балаға жылына 3,6 мың юань (шамамен 503 АҚШ доллары) көлемінде төлем жасауды көздеп отыр.
Bloomberg-тің жазуынша, бұл төлемдерді 20 миллионнан астам отбасы алуы мүмкін. Бағдарламаның мақсаты – бала тәрбиесіне кететін шығындардан қауіптенетін жас отбасыларды қолдау және оларды бала сүюге ынталандыру.
Bloomberg мәліметінше, Қытай халқы қатарынан үшінші жыл қысқарып жатыр. 2024 жылы елде 9,5 миллион бала дүниеге келсе, 10,9 миллион адам қайтыс болған.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?