Қытайда Олимпиада алауының эстафетасы басталды
Қытай астанасында Қысқы Олимпиада алауының эстафетасы басталды. Алау эстафетасын ресми түрде мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсім Бейжіңнің солтүстігіндегі Олимпиада саябағынан бастау алды. Ғаламдық пандемияға байланысты эстафетаның бағыты мен ұзақтығы біршама қысқарған. Коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында эстафетаға көрермендер қатыспайды. Одан бөлек, алауды адамдар тұратын көшелер мен аудандардан алыс жерлерде алып жүру жоспарланған.
Рәсім 2 және 4 ақпан аралығында Бейжің, Яньцин мен Чжанцзякоу қаларында өтеді.
Эстафета 12 кезеңнен тұрады. Алауды алып жүруге 14 пен 86 жас аралығындағы жалпы есебі 1200 алау ұстаушы қатысады. Сондай-ақ тарихта алғаш рет алауды адамдар ғана емес, роботтар да алып жүреді.
Айта кетейік, Олимпиадаға Қазақстан намысын қорғау үшін 34 спортшы аттанған.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"