Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейжің билігі қалада Олимпиада қарсаңында коронавирустың өрши түскенін мәлімдеді

Бейжіңде Қысқы Олимпиада қарсаңында эпидахуалдың нашарлағанын мәлімдеді. Мұнда коронавирус жұқтырудың соңғы 18 айдағы ең жоғарғы көрсеткіші тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бейжің

Ел астанасында тағы 20 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген соң, ресми өкілдер бірнеше ауданның локдаунға жабылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар қала тұрғындары міндетті түрде тексерістен өтуі қажет. Ұлттық денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, вирус жұқтырудың ең көп дерегі соңғы рет 2020 жылдың маусым айында тіркелген. 

Олимпиада ұйымдастырушылары спортшылар мен қызметкерлер арасында жаңа 34 ауру жұқтыру дерегі туралы айтқан. Олардың 13-і спортшылар немесе командалардың ресми өкілдері. Олар Бейжің әуежайында келісімен ПТР-тест тапсырған. 

Денсаулық сақтау комитетінде ел бойынша жаңа 54 вирус жұқтыру дерегі жайлы хабарлаған. 

Қысқы Олимпиадаға аттанған Қазақстан құрамасынан COVID-19 жұқтырғандар анықталмады.

Айта кетейік, бұған дейін Қысқы Олимпиаданы отандық телеарналардың тікелей эфирде тамашалауға болатыны туралы хабарлаған едік.  

Талқылау