Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейжің Олимпиадасын қай арналардан тамашалауға болады

Отандық телеарналар XXIV Қысқы Олимпиада ойындарын Қазақстан аумағында тарату құқығына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олимпиада

Олипмпиада ойындары ақпанның 4 мен 20 аралығында өтеді. Қыстың басты додасын Qazaqstan, "Хабар" және El arna арналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыз. 

Олимпиаданы телеарналардың ресми сайтынан да тамашалауға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы атынан Қытайға 34 спортшының аттанатыны туралы хабарлаған едік. Отандастарымыз барлығы 87 лицензия ұтып алған және 8 спорт түрінен бақ сынайды. Олар: биатлон, шаңғы жарысы, фристайл (могул, акробатика), шорт-трек, конькмиен жүгіру, тау шаңғы спорты, шаңғымен трамплиннен секіру және шаңғы қоссайсы. 

Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілетіні туралы айтқан. Оның сөзінше, бірінші орынға 250 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллар беріледі. 

Талқылау