Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейжің қысқы олимпиадасында ел намысын қорғайтын спортшылардың толық құрамы анықталды

Қысқы спорт түрлерінен Қазақстан ұлттық командасының бас бапкерлері 2022 жылғы Бейжің олимпиадасына қатысатын құрамды нақтылады. Қысқы олимпиадада ел намысын 34 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz басылымына сілтеме жасап. 

Абзал Әжіғалиев

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) шешімі бойынша Қазақстан командасына шаңғымен жарысудан қосымша бір жолдама берілген. Бұл тағы бес дисциплина бойынша бақ сынауға мүмкіндік сыйлады. Сонымен қатар фристайл-могулдан тағы бір квота бөлінді.

Шаңғымен жарысудан еліміздің атынан жеті спортшы сынға түседі. Олар: Виталий Пухкало, Евгений Величко, Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашкина және Ангелина Шурыга.

Фристайл-могулдан бақ сынайтын спортшылар қатарында Юлия Галышева, Аяулым Амренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков бар.



Шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев Қазақстан намысын қорғайды.

Тау шаңғысынан қазақстандық Захар Кучин слалом мен гигантты слаломда сынға түссе, әйелдер арасындағы слаломда Александра Троицкая жарыс жолына шығады.

Шаңғымен секіруден Сергей Ткаченко мен Данил Васильев Олимпиада жолдамасын иеленді. Шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаров ел намысын қорғайды. 

Биатлоннан Галина Вишневская-Шепоренко, Александр Мухин мен Владислав Киреев, конькимен жүгіруден Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников пен Денис Кузин өнер көрсетеді. 

Шорт тректен бес спортшы бақ сынайды. Олар: Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Ольга Тихонова.

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алды. Көк туды Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова көтеріп шығады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаржы жұмсалатыны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау