Қытай Қазақстаннан жылына 20 мың тоннаға жуық шошқа етін сатып алмақ
Қытай ет қауымдастығының сиыр етін импорттау мен экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн Қазақстаннан жылына 20 мың тоннаға жуық шошқа етін сатып алуды жопарланып отырғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Бұл туралы қытай ет қауымдастығы өкілдерінің шошқа шаруашылық кешеніне иелік ететін және қазақстандық миллиардер Ерлан Баймұратовқа тиесілі EMC Agro компаниясына сапары кезінде белгілі болды.
"Қазақстан – мүмкіндіктерге толы ел. Бүгін Қытай ет қауымдастығынан тұратын компаниялардың бірі сіздердің кәсіпорыннан шошқа етін сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты. Біз жылына 20 мың тонна алмақпыз. Бірақ қой еті мен сиыр етіне де қызығушылық танытамыз", — деді Ма Гуаншэн.
Ол Қауымдастық өз кезегінде қазақстандықтарға мал шаруашылығын дамытып, ірі және ұсақ мал етін Қытайға экспорттауға көмектесу үшін тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған