Қытай қазақстандық автокөліктердің ел аумағына өтуіне шектеу қойды
Қытай Қазақстан тарапынан қабылданатын автокөлік санын шектеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан бірқатар шаралар қабылдады, содан кейін Қытай күніне 80-ге дейін көлік өткізуге келісті. Алайда биыл 10 қарашадан бастап Қытай тарапы қазақстандық тараптан қабылданатын көліктердің санын шектеді, ал экспорттық тауарлары бар көліктер қабылданбайды.
"Мысалы, осы жылдың 26 қарашасында Қытай тарапы "Евроотранзит" көліктік-логистикалық орталық аумағында қазақстандық көліктерге тиелген жүктері бар 7 тіркеме ғана шығарды. Осыған байланысты, мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚХР уәкілетті органдарымен келіссөздерді жалғастыруда", - деді қаржы министрлігі баспасөз қызметінде.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді