AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам ұлы үйленбегендіктен өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Қытайдың Шанхай қаласында ауруханалардың біріне өз-өзіне қол жұмсамақ болған 55 жастағы ер адам жеткізілген. Оқиға темір жол станцияларының бірінде болған. Күзетшілер оның қалтасынан мұндай әрекетке баруына ұлының отбасы құрмауы себеп болғаны жазылған хат тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: @pixabay

Ер адамның 29 жастағы ұлы әлі үйленбеген көрінеді. Осы себепті ер адам "немересіз әрі масқара күйде өмір сүруге мәжбүр" болған. 

"Менің жасымдағы барлық адамдардың балалары мен немерелері бар. Ал сен 29 жастасың. Ештеңеге қол жеткізген жоқсың", – деп жазған ол өз хатында. 

Қытайда кәмелеттік жасқа толған соң бірден отбасы құру дұрыс болып саналады. Алайда қазір жастардың басым бөлігі алдымен кәсіби мансабын қалыптастыруды мақсат етіп, отбасы құруды кейінге қалдыратын болған. Осының салдарынан жастар қоғам және ата-анасының қысымына ұшырап, өзі сүймейтін адаммен отбасы құруға мәжбүр болады.

Айта кетейік, бұған дейін Сирияда бөтен адам ұрлап кетіп, зорлаған 5 жастағы қызды ата-анасы жауыздықпен өлтіргені туралы хабарлаған едік. Ата-анасы бұл жағдай отбасының “ар-намысына” тиеді деп санаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр