Кішкентай кезінде зорланған ару кек алмақ болып қаңғыбасты өлтіріп тастаған
Сот Мәскеуде кішкентай кезінде зорланған тұрғынды қала орталығындағы қаңғыбасты өлтірді деген айыппен қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мәскеу» агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ер адам Трубная көшесіндегі тұрғын үйдің жанындағы орындықта отырған және ешкімге тиіспеген. Осы кезде оған 21 жастағы қыз және оның достары жақындап, қаңғыбасты өлімші етіп сабаған. Ол іштің ашық жарақатын алып, қабырғасы сынған.
- Халықтан кек алу үшін 15 адамды қағып өлтірген ер адам өлім жазасына кесілді
- Қылмыскерлер кек алу үшін көпбалалы ананы балаларының көзінше атып тастады (видео)
21 жастағы мәскеулік азаматшаның сөзінше, бұлай жасауға бала күнінде өзін әлдекімнің зорлап кеткені себеп болған. Ол осылайша кек алуға тырысқан.
Айыпталушы өзінің кінәсін толығымен мойындады. Сот қызды қамауға алды. "Абайсызда өлімге әкеп соқтыратын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі