Кірістер комитетінен: Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа тәсілін пайдаланып жатыр
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтардың желіде құрыққа түсіретін жаңа тәсіл ойлап тапқандарын айтып, ескерту жасады. Деректерге сенсек олар өздерін “Кірістер комитетіненбіз” деп таныстырады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Хабарламаларды интернет алаяқтар WhatsApp, SMS және әлеуметтік медиа хабарламалары арқылы жібереді.
"Осыған байланысты, қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті қырағы болуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелерді ашпауға, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді", – деп хабарлады ведомство.
-
Қарағанды облысында "қара риелторлар" әлеуметтік осал топ өкілдерінен 14 пәтерді заңсыз тартып алған
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті тек ресми дереккөздерге сенуге шақыратынын жеткізді.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді