Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында "қара риелторлар" әлеуметтік осал топ өкілдерінен 14 пәтерді заңсыз тартып алған

Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында "қара риэлторлар" деп аталатын топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадран скриншот жасалған

Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына адвокаттар, заңгерлер және нотариустар кірген. Олар заңсыз жолмен 14 пәтерді иемденіп алған. Пәтерсіз қалғандардың қатарында зейнеткерлер, ерекше қажеттігі бар жандар, алкогольге тәуелділер де бар. Қылмыстық топтың белсенді қатысушыларының бірі – деструктивті діни ағымды ұстанушы.

"13 мамырда жедел-іздестіру шаралары барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттары мен жеке тұлғалардың жеке мәліметтері алынды. Қылмыстық топтың барлық 28 мүшесі ұсталды. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу әсіресе ірі көлемдегі алаяқтық бойынша жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.



Еске салайық, бұған дейін 50-ден аса қазақстандық Түркияның ұйымдасқан қылмыстық тобына алданып қалғанын жазған едік. Олар Түркиядан көлік сатып алғысы келіп, ақшаларын алаяқтарға беріп жіберген. Қазақстан заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында алаяқтықпен күрес мәселелері қаралды.

Талқылау