Жоқ көліктерді сатқан: Түркияның қылмыстық тобы қазақстандықтарды 78 миллион теңгеге алдап кеткен
50-ден астам қазақстанндық Түркияның ұйымдасқан қылмыстық тобына алданып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
50-ден астам қазақстандық Түркиядан көлік сатып алғысы келіп, ақшаларын алаяқтарға беріп жіберген.
Қазақстан заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында алаяқтықпен күрес мәселелері қаралды.
Шара барысында онлайн платформалардан 500-ден астам алаяқтық жарнама жойылып, 57 қылмыстық кибертоп әшкереленгені белгілі болды.
"Қазақстанның көлік сату сайтында түркиялық топ жарнама жариялап, 52 азаматтан жоқ көліктер үшін 78 миллион теңге алдап алып кеткен", – делінген хабарламада.
Бас прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қамауға алынғанын, ұйымдастырушыға іздеу жарияланғанын мәлімдеді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар