AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәйітке 2 апта болған деді": Қырғызстан жерінде денесі табылған сарбаздың жақындары сотқа шағым түсірмек

Жамбылдағы әскери бөлімде жоғалып кетіп, 39 күнде денесі таудан табылған Ұлықбек Бердішевтың жақындары сотқа арызданбақшы. Қайғыдан қан жұтқан отбасы оқиғаның көлеңкелі тұстары көп деп отыр. Мәйіттің маңында жатқан әскери киімдер өң бермеген, таза күйінде табылды дейді. Ақжарқын тіл алғыш баланың   мұндай әрекетке өздігінен бармайтынына сенімді. Сондықтан біреулерден қысым көруі мүмкін деген туыстары кінәлілердің жазалануын талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

 сарбаз

“Медицина сараптама жасаған мамандарға осындай сұрақ қойдым. Мына мәйітке қанша уақыт болған, қанша күн болған дегенімде. Әрі кеткенде 1,5-2 апта болды деді. Сонда қалған уақытта бұл бала қайда болды, кім ұстап отырды. Суицидке кім жеткізді бұл баланы? Күдік көп, күмән көп, сұрақ көп. Соның жауабын бізге кім бере алады?", - дейді Ұлықбек Бердішевтің туысы Дәрігүл Жұмағалиева. 



Сарбаздың денесіне Тараз қаласында сот медициналық сараптама жасалған. Туыстарының айтуынша, оның қорытындысы 1 айдың көлемінде белгілі болады.  13 сәуірде жақындары Ұлықбектің денесін жер қойнына тапсырды. 

Айта кетейік, Жамбылдағы шекара қызметіндегі "Андас батыр" заставасында әскери борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішов 2 наурызда іс-түссіз жоғалған болатын. Арада бір жарым ай өткенде оның мәйіті Қырғызстан шекарасынан, тауда асылып тұрған күйде табылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр