Бір ай бұрын Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды
Жамбыл облысындағы әскери базадан жоғалып кеткен сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

19 жастағы жауынгер Ұлықбек Бердішевтің жоғалғаны туралы хабар 2 наурызда таралған еді. Оның мәйіті Қырғызстандағы таулардан табылды.
Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді”, – деп жазды журналист.
Енді сарбаздың өлімінің себептері арнайы әскери сот-сараптама анықтайды.
Еске салсақ, сарбазды соңғы рет оның қаруласы көрген екен. Жас жауынгер 2 ақпанда күндізгі екілер шамасында ат қораны тазалауға шыққан екен. Кейін сарбаздар сапқа шақырылғанда арасында Ұлықбек жоқ болған. Дереу дабыл қағылып, оның туыстарына да хабар айтылған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"