Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК Қырғызстаннан мәйіті табылған сарбаздың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай бұрын жоғалып кетіп, Қырғызстаннан табылған сарбаздың өліміне қатысты кей деректермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


ҰҚК-ның хабарлауынша, із-түссіз жоғалған сарбазды үш облыстан (Жамбыл, Қызылорда, Алматы) іздеген, сондай-ақ Қырғызстан шекарашыларына хабар берілген. 

9 сәуір күні қырғызстандық шекарашылар шекарадан екі шақырым жерде әскери форма табылғанын хабарлады.

10 сәуір күні қазақстандық әскерилер оқиға орнына жетіп, сарбаз Бердішевтің заттарын, артынан мәйітін тапты. 

"Алдын ала қойылған диагноз: зорлық белгілері жоқ механикалық асфиксия", – деп хабарлады ҰҚК.  

Аталған факті бойынша, Қырғыз Республикасы, Шу облысы, Панфилов аудандық РОВД-да тергеу амалдары басталды. 

Сарбаздың мәйіті 11 сәуір күні Қызылорда облысына, ата-анасына жеткізілді.

"Ұлттық қауіпсіздік органының жеке құрамы мен басшылығы Бердішев Ұ.А.-ның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.  Қазіргі уақытта шекара қызметі марқұмның жерлеу рәсімін ұйымдастыру бойынша отбасына қолдау көрсетуде",  – делінген хабарламада.

Айта кетейік, сарбаз Ұлықбек Бердішев 2 наурызда із-түссіз жоғалып кетті. Оның мәйіті 10 сәуірде Қырғызстан аумағынан табылды.

Талқылау