Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан тараптары атысты тоқтату туралы келісімге келді

Тәжікстан мен Қырғызстанның арнайы қызметінің басшылары атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бұл жөнінже Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кыргызстан Тажикстан

"Атысты тоқтату және қақтығыстың өршуіне жол бермеу мақсатында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ұларбек Шаршеев пен Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің қолбасшысы генерал-полковник Раджабали Рахмонали арасында кездесу өткізу туралы телефонмен келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер барысында шекара ведомстволарының басшылары кездесу үшін сағат 10:00-ден атысты тоқтату туралы келісімге келді", - делінген шекара қызметінің мәлімдемесінде.

Шекара департаменті Тәжікстанның Қырғызстанды атқылауын жалғастырып жатқанын айтып, атысты тоқтатуды, сондай-ақ келіссөздер жүргізуді талап етті. Қырғызстан тарапы Тәжікстанды келісімдерді орындамады деп айыптады.

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйек күні таңертең Тәжікстан жеті облыстың қырғыз шекара отрядын атқылай бастаған. Зымырандар Баткен мен оның әуежайына түсіп, нәтижесінде Қырғызстанның 42 азаматы зардап шеккен. Ал Тәжікстанда 10 шақты елді-мекеннің соққы астында қалғаны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Тәжікстан мен Қырғызстан арасында қарулы қақтығыстар басталғанын Қырғызстан шекара қызметі хабарлаған еді. Қырғызстанның төрт сарбазы жараланып, бейбіт тұрғындардың да жараланғаны жайлы белгілі болған. Тәжікстан тұрғындарының арасында бес адам зардап шеккен. 

Талқылау