31 адам жарақат алды: Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс қайта басталды (видео)
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай қайта ушықты. Қырғыз сарбаздары әлеуметтік желіде атыс кезіндегі видеоны жариялаған. Қазір екі тарап келісімді бұзды деп бір-бірін айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстан тарапы Тәжікстанды оқ атпау туралы келісімді бұзды деп айыптады.
"Өкінішке орай тәжік тарапы жанжал аймағына ауыр әскери техника әкелуін жалғастырып жатыр. Біздің жерді басып алу мақсатында Қырғызстан Республикасының аумағын атқылау үшін бар арсеналын қолдануда", – деп жазды Қырғызстан Үлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі.
БАҚ мәліметінше, шекарада 31 қырғыз азаматы жарақат алған. Дегенмен Тәжікстан тарапы жанжалды бірінші бастады деген айыпты жоққа шығарды.
Қазір аймақта әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Қос мемлекеттің қорғаныс ведомстволары оқ атуды тоқтату жайлы келісімге келгені туралы хабарлама бар, дегенмен жағдай одан әрі ушыққан.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"