Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы туралы айтқан Қыран Талапбек көз жасына ерік берді

Әке қаталдығы мен ана мейірімін, орта пысықтығы мен тұла бойындағы толқыныстарын қатар ауыздықтаған Қыран Талапбек өмір құбылыстарына көзқарасы мен жастарға қандай мотивация сыйлап жүргенін бөлісуге келді.

Бұл туралы блогер Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты. 

Қыран Талапбек өзін “мобилографияның атасымын” деп санайды. Бұл сала әлемде дұрыс дамымаған. Керісінше Қазақстанда жоғары деңгейде дейді өзі. Мобилографияға деген қызығулшылыға режиссураға деген сүйіспеншіліктен туған екен. 

“Мен жай мектепте оқығанмын. Кейін лицейге ауыстым. Шетелде оқып келдім. Режиссура мамандығына қызықтым. Бала күнімде әке-шешем саудамен айналысты. Бала күнімнен қара базарда өстім. Қағаз шығару, жасау, дизайнды жасап, көріп өстім. Өзімнің де сурет түсіруге, видео жасауға қызығушылығым болатын. Кейін осы салаға келемін деп шештім. Бәрі қарсы болды. Тек анам ғана қолдады. Менің істей алатыныма анам ғана сенді. Сондықтан анамның сөзі мен үшін ең қымбат. Анам ғана маған әрдайым сенім артатын. Мені анасының баласы дейді. Бірақ мен қазір анамды айына 3-4 рет қана көремін. Өз кәсібімді өзім жүргіземін”, – дейді көз жасына ерік берген блогер.

Талапбектің айтуынша, әкесі басшы бола тұра ұлын қара жұмысшы секілді жұмсаған. Бұл менің өмірлік тәжірибем дейді.



“Әкем базарда бір қойманың басшысы болды. Мен 14 жасымда қара жұмысшы болдым. Сол қойманың заттарын таситын едім. Әкем сондай қаталдықпен өсірген. Әкемнен қаймығып өстік. Енді ғана тең дәрежеде сөйлесіп, әкеме көлік алып беріп жүргенім. Әкем әлі де сол қызметте. Қарапайым жандар. Артық дүниеге, байлыққа қызықпайды. Тіпті бұрынғы көлігін де ауыстырмайды”, – деді Қыран. 

Блогер жеке өмірі жайлы көп айта бермейді. Алайда өзінің көңіл күйге берілгіш екенін және қырсық мінезі барын айтады. 

“Мен эмоцияға беріліп кеткен шығармын. Мен әкем секілді қырсық адаммын. Сондай мінезім бар, бірақ менің тарапымнан қате таппадым. Бұл менің жеке өмірімдегі қателік болды. Мен өз саламда сарапшы бола аламын. Бірақ жеке өмірге байланысты ешкімге ешнәрсе үйретпеймін. Себебі, өз өмірімде қателік болды. Ұлым бар. Оған қатысты өзімнің жоспарларым бар”, – деді ол. 

Айтуынша, Айжұлдызбен ажырасуына үлкендердің ықпалы болмаған. Бұған тек екеуі ғана себепші. 

Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбекпен татуласты. Экс-жұбайлар бір жыл дегенде бір-бірін кешіріп, көрісіп сөйлесуге бел буған. Енді олар баланы бірге тәрбиелеп, дос болып қалмақ.

STAN.KZ
Бейсенбі, 12 Мамыр, 2022 16:55
Талқылау