Аустралиядағы танымал курортта акула ер адамға шабуыл жасап, ауыр жарақаттады
Австралияның Перт қаласына жақын орналасқан Роттнест аралы маңында акула ер адамға шабуыл жасады. Жарақат алған азамат тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай жағалау маңынан ұзындығы бес метр болатын ақ акула табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 16 мамыр күні таңғы сағат 10:00 шамасында болған. Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам шамамен 30 жаста.
Шабуылдан кейін оны Джорди-Бей шығанағы маңындағы жағалауға алып шыққан. Кейін тікұшақпен материктегі ауруханаға эвакуацияланған.
Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, дәл осы уақытта жағалаудан шамамен 80 метр қашықтықта ұзындығы бес метрлік ақ акула байқалған. Билік Джорди-Бей аумағында демалып жүрген адамдарды барынша сақ болуға шақырды.
Роттнест аралы – Фримантл жағалауынан 19 шақырым жерде орналасқан танымал туристік аймақ.
Айта кетейік, бұған дейін Мальдив аралдарында бал айында жүрген туристің аяғын акула жұлып кеткені туралы жазған едік.
"Орташа айлық – 1 700 000 теңге": Қазақстандық дәрігерлер отбасы Германияға көшіп, табысын 10 есе арттырған
Шетелдегі қазақ дәрігер: "Айлығым шамамен 4 440 еуро, яғни 2 240 000 теңге"
Қазақстандағы ең қымбат ТОП-10 қонақүй: Бір түннің құны қанша
Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде бір апта демалу құны - 2,8 миллион теңге.
