Ерке Есмахан өзін "той әншісі" деп сынағандарға бейәдеп қылық көрсетті
Ерке Есмахан өзін "той әншісі, қазақи әнші" деп сынайтындарға жауап берді. Әнші өзіне менсінбей қарайтындарға бейәдеп қылық көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еркенің әндері әлем елдерін шарлап жүр. Әнші Instagram-дағы парақшасында АҚШ-та, Кореяда, Өзбекстанда өзінің әндерін орындаған өнерпаздардың видеосын жариялады. Сөз соңында өзіне менсінбей қарайтындарға жауап берді.
"Так что, өздері бір аспаннан салбырап түскендей, мені той әншісі, қазақи әнші анау мынау дейтіндерге, менсінбейтіндерге осы суретті сыйлаймын", – деді ол "Алло" клипінен алынған скриншотты жариялап.
"Әнші үшін ән жүректен жүрекке жетсе болғаны және оның дәлелі өткен стористер! Иә, мен қазақпын, қазақи әншімін және дәл осы қалпыммен бақыттымын!" – деп жалғады сөзін ол.

Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"