Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейіржан Төребаев дәрігерлерге құрметсіздік көрсетті деп айыпталды. Оған айыппұл салынуы мүмкін

Танымал қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев емханада дәрігерлерге пранк жасағаны үшін жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есте болса, вайнер Instagram-дағы парақшасында коронавирусқа қарсы екпе салдырғаннан кейін, дәрігерлердің үстінен әзілдеген видеосын жариялаған еді. 

Әзілкештің бұл қылығына Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Олардың мәліметіне сәйкес, видеода қалалық №4 емхананың дәрігерлері көрсетілген. 

"Емхана басшылығы құзырлы органдарға әкімшілік жауапкершілік шарасын қолдану туралы өтініш жібереді", – деп хабарланды мекемеден.

Басқармадағылар адамдардың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс бойынша, медицина қызметкерінің кәсіби қызметіне араласуына тыйым салынғанын еске салды. 

Төребаев әкімшілік кодекстің 80-1-бабы 2-тармағы "Медицина қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау" бойынша жауапқа тартылуы мүмкін:

"Бұл міндетін орындап жатқан медицина қызметкеріне құрметсіздік таныту көрінісі, ұятсыз сөздер, әдепсіз қимылдар, белгілер мен заттарды көрсету, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желісін қолдану, әдепсіз мінез-құлық, қорлау. Бап санкциясы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді", – деді басқармадағылар.

@stan.kz

Дәрігерлерге пранк жасаған блогер Мейіржан Төребековтың басы дауға қалды. Ақ халаттылар оның қалжыңын түсінбей, полицияға шағымданған

♬ оригинальный звук - STAN KZ
Талқылау