Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлерге пранк жасаған Мейіржан Төребаев елді күлкіге қарық қылды (видео)

Мейіржан Төребаев пранк жасады. Вакцина алған блогер көпшілікті күлкіге қарық қылды. Ол дәрігерлерді алдап, оқиға кезін видеоға түсірді. 

Бұл туралы Мейіржан Төребаевтың өзі хабарлайды. 

“Бүгін вакцина алдым. Енді дәрігерлерге пранк жасап көремін. Бірге көрейік”, – дейді блогер. 

Ол ақ халаттыларға екпе алған қолының құрысып ашылмай қалғанын айтты. Медбикелер алғашында шошығандай болып, не істерін білмей дал болды. Медбике дәрігерді шақырып келеді. Дәрігер оны отырғызып қойып, қолын ашып көрмек болды. Массаж жасап көрді. Кейіннен әзіл екенін түсініп күле бастады. 

Желідегі қолданушылар күлкіге қарық болды. Кейбірі бұлай әзілдеуге болмайтынын, жамандық шақырып жатқанын айтып ренжіді. 

“Әбден күлдім, көңіл күйім көтеріліп қалды”, “Сіздің әзілдеріңізді жақсы көремін”, “Сіздің әзілкеш екеніңізді білмей ме? Танымай қалды ма?”, “Мүмкін алдын ала ойластырылып түсірілген”, “Дәрігерлермен бұлай қалжыңдасуға болмайды ғой”, “Артық кеттіңіз, сондай күйге түскен қанша адам бар, оларға тиіп кетті”, “Езуімді жия алмай отырмын”, “Әзілің жарасса, атаңмен ойна деген”, “Онда тұрған ешнәрсе жоқ, түймедейді түйедей етпеңдерші”, – деп жазды олар. 


Талқылау